• Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
TARAU
  • Басты бет
  • Қоғам
    ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

    ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

    Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

    Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

    Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

    Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

    «Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

    «Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

    Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

    Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

    Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

    Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау

Басты бет Өнер

Қазақстан кинотеатрларында қандай фильмдер көрсетіледі — апта премьераларына шолу

23.05.2026
in Өнер
0
Қазақстан кинотеатрларында қандай фильмдер көрсетіледі — апта премьераларына шолу
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-пен бөлісіңізWhatsApp-пен бөлісіңіз
59546e08 0e7a 4111 8c30 994cc7eb

БАБАЙ БОЛ

Жанры: комедия, отбасы
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Олжас Ермекбаев

Қызының оқу ақысын төлеу үшін ақша іздеген 45 жастағы балалар аниматоры Асхат бай үйге ұрлыққа түседі. Ол әділетсіз еңбегінің өтеуі ретінде қымбат әшекейді алып кеткісі келеді. Бірақ оны үйдегі кішкентай Кәмила байқап қояды. Тығырықтан шығудың амалын таппаған Асхат өзін «елеспін» деп алдайды. Күтпеген жерден Кәмила оған сеніп қалады.

Дәл сол сәтте қыздың әкесі Ұлан келеді. Ол ұзақ уақыттан бері алғаш рет қызының бір нәрсеге шын қызығып, қуанып отырғанын көреді. Ұлан да олардың ойынына қосылып, осы үй салынған жер туралы жұмбақ оқиғаны айтып береді…

НЕССИ. ЛОХ-НЕСС ҚҰБЫЖЫҒЫ (Несси. Чудище из Лох-несс)

Жанры: мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 80 минут
Ел: Норвегия, Бельгия, Германия, 2025
Режиссер: Эндре Скандфер

Несси басқаларға онша ұқсамайды: ол теңіз жыландары қоғамдастығында жалғыз жүзе алмайтын жан. Бірақ қырсық шалып, олардың жасырын аралдары қорғанысқа мұқтаж болғанда Нессиге ең үлкен қорқынышымен бетпе-бет кездесіп, отбасын құтқаруға тура келеді.

ТЕНЬ

Жанры: шытырман оқиға, мультфильм, отбасы
Ұзақтығы: 79 минут
Ел: Германия, 2026
Режиссер: Мохаммад Пирзади

Көше кезіп жүрген Скотти есімді мысықтың өмірі Тень атты үй мысығы пайда болғаннан кейін түбегейлі өзгереді. Екеуінің бірге жасаған сапары үлкен шытырман оқиғаға айналады. Алайда Скотти көптен аңсаған еркіндігіне қайта оралу мүмкіндігіне ие болғанда, еркіндік пен достықтың арасынан таңдау жасау оңай болмайды.

ӘУЕСТІК (Обсессия)

Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 108 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Карри Баркер

Махаббатқа тым сенгіш Аю сұлу Никиге баяғыдан ғашық еді. Бір күні ол эзотерикалық дүкеннен ерекше сиқырлы таяқша тауып алады. Аңыз бойынша, егер таяқшаны сындырсаң, ең терең тілегің орындалады. Аю Никидің өзін бұл дүниедегі бәрінен артық жақсы көргенін қалайды.

Көп ұзамай Ники шынымен оған ғашық болады. Бірақ Аюдың қуанышы ұзаққа созылмайды. Уақыт өте келе ол Никидің махаббаты шектен шығып, қауіпті әуестікке айналғанын байқайды. Қыздың әр қадамын бақылауы мен тынымсыз назары Аюды қорқыта бастайды.

Тілегі орындалды. Бірақ бәрі ол армандағандай болмады.

МАНДАЛОРЛЫҚ ПЕН ГРОГУ (Мандалорец и Грогу)

Жанры: атыс-шабыс, шытырман оқиға, қиял-ғажайып,
Ұзақтығы: 132 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Джон Фавро

Зұлым Империя күйрегенімен, оның бұрынғы қолбасшылары мен жасақтары әлі де ғаламда еркін әрекет етіп жүр. Осы кезде жаңадан құрылған Республика Қарсылық қозғалысы қорғап қалған әлемде тәртіп орнатуға тырысады. Дәл осы уақытта аңызға айналған мандалорлық жалдамалы жауынгер Дин Джарин мен оның жас серігі Грогу қауіпті оқиғалардың ортасына тап болады.

ҚҰДАЙЛАР ЖАЙЛАУЫ (Пастбища богов)

Жанры: триллер
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Анар Аббасов

Күйзеліске түскен досы Олегке көмектескісі келген мәскеулік кәсіпкер Игорь бірнеше достарын ертіп, Памир тауына ешкі аулауға аттанады. Жергілікті халық бұл жануарларды «нахчир» деп атайды және оларды Пери атты киелі рухтың қыздары қорғайтын қасиетті мақұлық санайды.

Бастапқыда жай қызық үшін басталған аңшылық бірте-бірте қатыгез құмарлыққа айналады. Қанға деген әуестік таудағы тыныштық пен көзге көрінбейтін тепе-теңдікті бұзады. Сөйтіп, кәдімгі аңшылық сапары олардың өз өмірі үшін күресетін қауіпті сынаққа айналады.

ҚАМАУ

Жанры: драма, трагедия, психология
Ұзақтығы: 66 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Ибраев Эркинбек

Қас қарайғанда саябақта ұрсысып жатқан жұп шығады. Олардың қарым-қатынасы — мейірімділік әп сәтте булыққан ашуға ауысатын құмарлық пен өзара күйреудің қоспасы.

ТЫЛСЫМ ҚҰБЫЛЫС. СЕУЛ (Паранормальное явление. Сеул)

Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: Оңтүстік Корея, 2025
Режиссер: О Сэ-хо

Жұмыс істеп, баласын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Сан Хи туралы қорқынышты фильм. Ол кішкентай қызы үшін бүкіл үйге қауіпсіздік камераларын орнатады және оғаш оқиғалар бола бастайды.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-kinoteatrlarinda-kanday-filmder-korsetled-apta-premeralarina-sholu-0a508d53
Алдыңғы пост

Қытайда шахта жарылып, 82 адам опат болды

Келесі пост

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын қорғайтын балуандар белгілі болды

Ұқсас Посттар

Ешқандай контент жоқ
Келесі пост
Азия чемпионаты: Қазақстан намысын қорғайтын балуандар белгілі болды

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын қорғайтын балуандар белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + четыре =

TARAU

tarau.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде куәлігімен тіркелген.

Яндекс.Метрика

Санаттар

  • Әлемде
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экология
  • Экономика
Қоғам

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

30.05.2026
0
Қоғам

Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

30.05.2026
0
Қоғам

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

30.05.2026
0
  • Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.