• Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
TARAU
  • Басты бет
  • Қоғам
    ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

    Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім

    Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім

    Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды

    Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды

    Бүгін Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Бүгін Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау

Басты бет Қоғам

Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім

21.10.2026
in Қоғам
0
Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-пен бөлісіңізWhatsApp-пен бөлісіңіз

Қазіргі таңда жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын бағалауда заманауи цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Олар құрылыс материалдарын зерттеу нәтижелерін нақты тіркеуге, жұмыс барысын бақылауға және белгіленген стандарттардың сақталуын тексеруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК KazRoadLab ақпараттық жүйесін пайдаланады.

Аталған платформа жол нысандарында жұмыс істейтін инженерлер мен зертханалық мамандардың қызметін бір жүйеге біріктіреді. Сынама алынған кезден бастап зертханалық қорытынды әзірленгенге дейінгі барлық ақпарат электронды форматта сақталады.

Қызылорда облысында жолдардың сапасын тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Мамандар құрылыс және жөндеу нысандарына барып, пайдаланылатын материалдардан сынамалар алады. Зертханалық жағдайда құм, қиыршық тас, битум және асфальтбетонның сапасы зерттеледі. Сонымен бірге жол жабынының қалыңдығы мен тығыздығы да нормативтік талаптар негізінде бағаланады.

Тексеру барысында талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар анықталса, мердігер ұйымдарға тиісті ескертулер беріліп, кемшіліктерді түзету бойынша ұсыныстар жасалады.

Мысалы, Қызылорда қаласындағы Сағымбаев көшесінде жүргізілген бақылау жұмыстары кезінде 23 тексеру ұйымдастырылып, 46 сынама алынған. Зертханалық талдау нәтижесінде 20 сынаманың көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай болмаған. Бұл деректер жол құрылысы барысында материалдардың сапасын мұқият бақылаудың және анықталған ауытқуларды дер кезінде жоюдың маңыздылығын көрсетеді.

KazRoadLab жүйесі мәліметтерді тіркеу мен өңдеу процесін жеңілдетеді. Инженерлер планшет арқылы сынама туралы ақпаратты енгізіп, оның алынған жерін белгілейді және нысаннан түсірілген фотосуреттерді жүйеге жүктейді. Әрбір сынамаға жеке QR-код тағайындалады. Оның көмегімен сынамаға қатысты мәліметтерді және зерттеу кезеңдерін бақылауға болады.

Жүйенің тағы бір ерекшелігі — зертханалық зерттеулердің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Зертхана мамандарына сынаманың нақты қай нысаннан алынғаны, сондай-ақ мердігер мен тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді. Мұндай тәсіл зерттеу нәтижелеріне сыртқы ықпалдың алдын алуға және қорытындылардың объективтілігін арттыруға ықпал етеді.

Зертханалық жұмыстар кезінде арнайы жабдықтардан алынған көрсеткіштер ақпараттық жүйеге тікелей беріледі. Қажетті есептеулер автоматты түрде орындалып, өлшеу процесі фотофиксация арқылы тіркеледі. Жиналған материалдардың сақталуы нәтижелерді қайта қарауға және бастапқы деректерді салыстырып тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты қолмен енгізу кезіндегі қателіктердің ықтималдығын төмендетеді.

Платформа тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдар үшін де қолайлы. Олар өздеріне қатысты нысандардың зертханалық нәтижелерін көріп, анықталған ескертулермен таныса алады. Қажетті құжаттарды тіркеп, жауап беру мүмкіндігі де қарастырылған. Соның нәтижесінде тараптар арасындағы ақпарат алмасу жеңілдеп, кемшіліктерді жою жұмыстары жүйелі жүргізіледі.

KazRoadLab ақпараттық жүйесі Ұлттық орталықта 2019 жылдан бері қолданылып келеді. Ал 2024 жылы оның жұмысын жетілдіру және функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа технологиялық платформаға ауыстырылды.

Цифрлық жүйені қолдану жол құрылысы саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сынама алу, зертханалық талдау және қорытынды шығару кезеңдерінің бір ақпараттық ортада қамтылуы деректердің сақталуын жақсартып, тексеру нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Қызылорда облысында салынатын және жөнделетін жолдардың сапасын бақылауға, құрылыс материалдарының нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалауға және анықталған кемшіліктерді уақытылы түзетуге жағдай жасайды.

Алдыңғы пост

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды

Келесі пост

ҚЫЗЫЛОРДАДА «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

Ұқсас Посттар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

30.10.2026
0
Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті
Қоғам

Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

27.10.2026
0
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Қоғам

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

27.10.2026
0
Келесі пост
ҚЫЗЫЛОРДАДА «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

ҚЫЗЫЛОРДАДА «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − 7 =

TARAU

tarau.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде куәлігімен тіркелген.

Яндекс.Метрика

Санаттар

  • Әлемде
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экология
  • Экономика
Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

30.10.2026
0
Қоғам

Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

27.10.2026
0
Қоғам

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

27.10.2026
0
  • Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.