• Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
TARAU
  • Басты бет
  • Қоғам
    ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

    ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

    Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

    Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

    Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

    Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

    «Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

    «Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

    Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

    Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

    Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

    Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау

Басты бет Қоғам

«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды

30.05.2026
in Қоғам
0
«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-пен бөлісіңізWhatsApp-пен бөлісіңіз

7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қызмет көрсету арнасына айналды. Бүгінде жүйе жыл сайын ондаған миллион өтінішті қамтып, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін «бір терезе» қағидатымен ұсынады.

Осы жылдар ішінде елде мемлекеттік қызмет алудың біртұтас жүйесі қалыптасты. Соның арқасында қызмет алу бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді болды.  Азаматтар енді қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да, бейнеХҚКО арқылы да ала алады. Биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, көптеген қызмет цифрлық форматқа көшті

Өзгерістердің ауқымы нақты көрсеткіштерден де көрінеді. Бүгінде ХҚКО арқылы жыл сайын орта есеппен 23 миллионнан астам қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, миллиондаған өтініш мобильді қосымшалар мен онлайн-сервистер арқылы рәсімделеді.

Цифрландыру бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналды,  бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді. «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Тек 2025 жылдың өзінде қосымшаны 2 миллионнан астам адам жүктеген. Қосымша арқылы азаматтар кезекке жазылып, өтініштерін бақылап, бірқатар қызметті қашықтан рәсімдей алады.

Цифрлық сервистермен қатар, азаматтарға қолдау көрсету бағытында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы да маңызды рөл атқарады. Биыл 15 жылдығын атап өтетін орталық тәулік бойы жұмыс істейді және 2021 жылдан бері Мемлекеттік корпорация құрамында қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын мұнда 20–25 миллионға жуық өтініш өңделеді, ал бүгінде әр оныншы қоңырау жасанды интеллект негізіндегі ассистенттің қатысуымен қабылданып, азаматтарды қажетті қызметке жедел бағыттауға көмектеседі.

Сонымен бірге, корпорация тек қызмет көрсетумен шектелмей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында да жұмыс жүргізіп отыр. Оқыту сабақтары еліміздің барлық өңіріндегі ХҚКО-ларда практикалық форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға цифрлық қызметтерді еркін пайдалануды және өз бетінше онлайн алуды үйретеді. Тек наурыз айының өзінде бүкіл ел бойынша шамамен 700 қазақстандық цифрлық дағдыларын жетілдірді.

«Мемлекеттік корпорацияның басты миссиясы – мемлекеттік қызметтер жүйесін жаңғыртудың негізгі қозғаушы күшіне айналу. Осы жылдар ішінде біз азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сай келетін қызмет көрсету моделін қалыптастырдық. Нәтижесінде қызметтер қолжетімді, сапалы әрі ыңғайлы бола түсті. Біз азамат мүддесіне бағытталған мемлекет қағидатымен жұмыс істейміз, мұнда әрбір шешім азаматтың қажеттілігіне сай қабылданады.  Біздің мақсатымыз тек қызмет көрсетумен шектелмей, азаматтарға сенімді серіктес болу, баршаға қолжетімді, ашық цифрлық ортаны қалыптастыру», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс тәжірибесі халықаралық деңгейде қызығушылық тудырады. Моңғолия, Жапония, Өзбекстан және өзге де елдерден келген делегациялар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен танысып, тәжірибе алмасқан болатын. Бұл қызығушылықтың негізінде соңғы он жылда қалыптасқан жаңа модель жатыр: бұрын әртүрлі мекемелерде көрсетілген қызметтер бүгінде бір инфрақұрылымға біріктіріліп, азаматтар үшін әлдеқайда ыңғайлы форматқа көшті. Қазір корпорация ХҚКО мен МХҚКО қызметтерін, жер кадастрын, әлеуметтік және зейнетақы бағыттарын, сондай-ақ АХАТ пен жылжымайтын мүлік салаларын қамтиды.

Бұл жүйеде бүгінде 16 мыңға жуық маман еңбек етіп, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етіп келеді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету тек цифрлар мен процестер ғана емес, ең алдымен азамат пен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдетіп, оны түсінікті әрі ыңғайлы еткен жүйеге айналды.

Алдыңғы пост

Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

Келесі пост

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

Ұқсас Посттар

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ
Қоғам

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

30.05.2026
0
Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды
Қоғам

Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

30.05.2026
0
Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды
Қоғам

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

30.05.2026
0
Келесі пост
Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × четыре =

TARAU

tarau.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде куәлігімен тіркелген.

Яндекс.Метрика

Санаттар

  • Әлемде
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экология
  • Экономика
Қоғам

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ

30.05.2026
0
Қоғам

Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды

30.05.2026
0
Қоғам

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

30.05.2026
0
  • Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.