• Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
TARAU
  • Басты бет
  • Қоғам
    ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

    Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

    Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім

    Жол құрылысының сапасын бақылаудағы цифрлық шешім

    Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды

    Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды

    Бүгін Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Бүгін Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау

Басты бет Экономика

Қазақстанда биыл 24,3 млн тонна астық жиналды

31.10.2026
in Экономика
0
Қазақстанда биыл 24,3 млн тонна астық жиналды
0
БӨЛІСУЛЕР
0
ҚАРАУЛАР
Facebook-пен бөлісіңізWhatsApp-пен бөлісіңіз

Қазақстан биыл астық өндіру көлемі бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Егін жинау науқанының қорытындысында еліміздің қамбасына 24,3 млн тонна астық құйылды. Бұл көрсеткіш соңғы 15 жылдағы ең жоғары нәтижелердің қатарына кіреді.

Биылғы науқанның ерекшелігі – жиналған өнімнің молдығымен қатар сапасының да жоғары болуы. Алдын ала сараптама қорытындысына сәйкес, элеваторларға өткізілген жұмсақ бидайдың 72 пайызына жуығы үшінші сыныпқа жатқызылған. Ал зерттелген үлгілердің 48 пайызында дән маңызы 28 пайыздан жоғары болған.

Әсіресе Ақмола облысында жақсы көрсеткіш тіркелді. Өңірде үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90 пайызға жетсе, ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы өнім 70 пайызды құрады. Мұндай сапалы астық ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етумен қатар, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

Қазақстан астық пен ұнды сыртқы нарыққа жеткізу көлемі бойынша да оң динамика көрсетіп келеді. Соңғы екі маркетингтік жылда экспорт көлемі тиісінше 15,5 млн және 16 млн тоннаны құрады. Бұл – тәуелсіздік кезеңіндегі рекордтық нәтижелер. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ дерегіне сүйенсек, 2026 жылғы қыркүйек айынан 19 қазанға дейін шетелге 1,657 млн тонна астық жөнелтілген. Бұл өткен кезеңдегі көрсеткіштен 9 пайызға артық.

Мол өнім алу мен оның сапасын арттыруда мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген қаржыландыру, техникалық паркті жаңарту, сапалы тұқым мен минералды тыңайтқыш жеткізу бағыттарына ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен бірге су ресурстарын үнемдеу, жерді тиімді пайдалану және климаттық өзгерістерге бейімделу шаралары қолға алынған.

Саладағы жаңғырту жұмыстарының нәтижесі де байқалады. Соңғы үш жылда минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі үш есеге жуық артқан. 2025 жылы шаруалар 1,8 млн тонна тыңайтқыш қолданса, биыл жоспарланған 2,3 млн тоннаның 2,1 млн тоннасы алқаптарға енгізілді. Ал элиталық тұқымдардың үлесі 12 пайызға жетті.

Егін жинау науқанына еліміз бойынша ауқымды техника күші тартылды. Атап айтқанда, 130 мыңнан астам трактор, 29 мың комбайн, 17 мың жатка және өзге де ауыл шаруашылығы техникалары жұмыс істеді.

Техникалық паркті жаңарту шаралары оның тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Егер 2023 жылы бұл көрсеткіш 85 пайыз болса, 2025 жылы 65 пайызға дейін азайған. Ал 2026 жылдың соңына дейін техниканы жаңарту деңгейін 8 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Шаруалардың жаңа техника алуына жеңілдетілген лизинг бағдарламасы да қолдау көрсетуде. Бағдарлама аясында осы уақытқа дейін 12,7 мыңнан астам трактор мен 2 340 астық жинайтын комбайн сатып алынған. Қазір аталған тетік арқылы алынған техниканың үлесі елдегі тракторлар мен астық жинайтын комбайндардың жалпы санының шамамен 10 пайызын құрайды.

Алдағы кезеңде аграрлық саланың алдында өнімділікті арттыру, жоғары сапалы астық өндіру, өндіріс үдерісіне заманауи технологияларды енгізу міндеттері тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және халықаралық нарықтағы экспорттық әлеуетін арттыруға негіз болады.

Алдыңғы пост

ТИТОВ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУДА

Келесі пост

ҚЫЗЫЛОРДАДА 77 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ӨСЕДI

Ұқсас Посттар

ТИТОВ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУДА
Экономика

ТИТОВ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНУДА

30.10.2026
0
САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ
Экономика

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

16.05.2026
0
Келесі пост
ҚЫЗЫЛОРДАДА 77 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ӨСЕДI

ҚЫЗЫЛОРДАДА 77 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 40 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ӨСЕДI

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − 2 =

TARAU

tarau.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде куәлігімен тіркелген.

Яндекс.Метрика

Санаттар

  • Әлемде
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экология
  • Экономика
Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

30.10.2026
0
Қоғам

Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

27.10.2026
0
Қоғам

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

27.10.2026
0
  • Агенттік туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Әлемде
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Өнер
  • Саясат
  • Спорт
  • Экономика

© 2026 Tarau.kz - Жаңа тарау. Жаңа көзқарас.