TARAU

ҚАУІПСІЗ ҮЙ – ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ МЕН ҚОРҒАУ
Сырдария ауданы Полиция бөлімі азаматтардың назарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның зардаптарын болдырмау және жәбірленушілерге жан-жақты көмек көрсету мақсатында маңызды ақпарат ұсынады.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталған орталық қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға уақытша баспана беріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалыпты өмірге қайта оралуына жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталықта зорлық-зомбылық құрбандарына келесі бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады:
✅ Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер – уақытша баспанамен қамтамасыз ету, тұрмыстық қажеттіліктерді ұйымдастыру;
✅ Әлеуметтік-құқықтық қызметтер – құқықтық кеңес беру, заңды құқықтар мен мүдделерді қорғауға жәрдемдесу;
✅ Әлеуметтік-медициналық қызметтер – медициналық көмек алу мәселелері бойынша қолдау көрсету;
✅ Әлеуметтік-психологиялық қызметтер – психологиялық кеңес беру, эмоционалдық күйзелісті жеңуге көмектесу;
✅ Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер – балалар мен жасөспірімдерге тәрбиелік және білім беру бағытында қолдау көрсету;
✅ Әлеуметтік-мәдени қызметтер – қоғамға бейімделу мен әлеуметтік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
✅ Әлеуметтік-экономикалық қызметтер – әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша көмек көрсету;
✅ Әлеуметтік-еңбек қызметтері – жұмысқа орналасуға, кәсіби бағдар алуға және еңбек дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
🏠 Ең бастысы – ҚАУІПСІЗ ҮЙ!
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл тек отбасының ішкі мәселесі емес, ол адам құқықтары мен бостандығына қол сұғатын құқық бұзушылық болып табылады. Сондықтан зорлық-зомбылыққа төзбеу, оның алдын алу және зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсету – қоғамның ортақ міндеті.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда үнсіз қалмаңыз. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға жасалған маңызды қадам.
Көмек қажет болған жағдайда:
📞 102 – Полицияның жедел байланыс нөмірі
немесе
📞 Дағдарыс орталығының сенім телефоны: 8 (777) 340-87-34
Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз!

Махаббатқа жас кедергі емес: Қазалы ауданында ерекше неке қиылды
Халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылорда облысының Қазалы ауданында әсерлі әрі ерекше неке қию рәсімі өтті. 62 жастағы Амангелді мен 60 жастағы Сәрсенкүл Махамбетовтар өз қарым-қатынастарын заңды түрде рәсімдеді.

Ерлі-зайыптылар бұл күнді бекер таңдамағандарын айтты. Алты жыл бірге өмір сүрген олар отбасы мерекесі қарсаңында некелерін қиюды махаббаттың, сыйластық пен адалдықтың белгісі деп санаған.

«Біз өте бақыттымыз. Бұл — біз үшін ерекше күн. Ең бастысы — махаббат, өзара түсіністік және отбасының қолдауы», — деді жас жұбайлар.

Махамбетовтар отбасының оқиғасы махаббат пен бақытқа жастың шектеу болмайтынын, ал берік отбасының адам өміріндегі ең үлкен тірек екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 895 адам шаңырақ көтерген. Осы уақыт аралығында өңірде 4583 сәби дүниеге келген.

Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды
Қызылорда қаласында Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні аясында жас жұбайларға арналған мерекелік рәсім ұйымдастырылды. Салтанатты шара ерекше атмосферада өтіп, ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды бағдарламаға ұласты, деп хабарлайды мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы.

Мерекелік күннің басты сәті — 11 жұптың неке қию рәсімі болды. Жас жұбайларға неке куәліктерін 50 жыл отасқан Жұмабай ата мен Жұмакүл әже табыстады. Бұл ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық құндылықтардың маңызын айшықтай түскен тағылымды көрініс болды.

Жас жұбайлардың бірі Ернұр Өмірбеков пен Нұрай Қонысова бұл күннің олар үшін ерекше екенін атап өтті:

«Осындай мәні терең мерекеде шаңырақ көтеру – біз үшін үлкен бақыт. Бұл күн өмірімізде ұмытылмас сәт болып қалары анық. Барша жас жұбайларға бақыт тілейміз», — атап өтті жас жұбайлар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова шараның мән-маңызына тоқталды:

«Бұл мереке – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы институтын нығайтудың жарқын үлгісі. Бүгінгі жастардың осындай ерекше күні шаңырақ көтеруі – қуанышты жағдай. Жыл басынан бері облысымызда 635 неке тіркелді. Бұл көрсеткіш өңірде отбасы құруға деген жауапкершілік пен қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады», — деді Жанар Абдрайхановна.

Іс-шара барысында ұлттық бұйымдар көрмесі қойылып, қонақтар қазақы нақыштағы қолөнер туындыларымен танысты. Сонымен қатар, арт-сурет салу алаңы ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» 10 жыл: қызмет алу жүйесі қалай жаңарды
7 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 10 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол мемлекет пен азамат арасындағы негізгі қызмет көрсету арнасына айналды. Бүгінде жүйе жыл сайын ондаған миллион өтінішті қамтып, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін «бір терезе» қағидатымен ұсынады.

Осы жылдар ішінде елде мемлекеттік қызмет алудың біртұтас жүйесі қалыптасты. Соның арқасында қызмет алу бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл әрі қолжетімді болды.  Азаматтар енді қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да, бейнеХҚКО арқылы да ала алады. Биометриялық сәйкестендіру енгізіліп, көптеген қызмет цифрлық форматқа көшті

Өзгерістердің ауқымы нақты көрсеткіштерден де көрінеді. Бүгінде ХҚКО арқылы жыл сайын орта есеппен 23 миллионнан астам қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, миллиондаған өтініш мобильді қосымшалар мен онлайн-сервистер арқылы рәсімделеді.

Цифрландыру бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналды,  бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн қолжетімді. «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Тек 2025 жылдың өзінде қосымшаны 2 миллионнан астам адам жүктеген. Қосымша арқылы азаматтар кезекке жазылып, өтініштерін бақылап, бірқатар қызметті қашықтан рәсімдей алады.

Цифрлық сервистермен қатар, азаматтарға қолдау көрсету бағытында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы да маңызды рөл атқарады. Биыл 15 жылдығын атап өтетін орталық тәулік бойы жұмыс істейді және 2021 жылдан бері Мемлекеттік корпорация құрамында қызмет көрсетіп келеді. Жыл сайын мұнда 20–25 миллионға жуық өтініш өңделеді, ал бүгінде әр оныншы қоңырау жасанды интеллект негізіндегі ассистенттің қатысуымен қабылданып, азаматтарды қажетті қызметке жедел бағыттауға көмектеседі.

Сонымен бірге, корпорация тек қызмет көрсетумен шектелмей, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында да жұмыс жүргізіп отыр. Оқыту сабақтары еліміздің барлық өңіріндегі ХҚКО-ларда практикалық форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға цифрлық қызметтерді еркін пайдалануды және өз бетінше онлайн алуды үйретеді. Тек наурыз айының өзінде бүкіл ел бойынша шамамен 700 қазақстандық цифрлық дағдыларын жетілдірді.

«Мемлекеттік корпорацияның басты миссиясы – мемлекеттік қызметтер жүйесін жаңғыртудың негізгі қозғаушы күшіне айналу. Осы жылдар ішінде біз азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сай келетін қызмет көрсету моделін қалыптастырдық. Нәтижесінде қызметтер қолжетімді, сапалы әрі ыңғайлы бола түсті. Біз азамат мүддесіне бағытталған мемлекет қағидатымен жұмыс істейміз, мұнда әрбір шешім азаматтың қажеттілігіне сай қабылданады.  Біздің мақсатымыз тек қызмет көрсетумен шектелмей, азаматтарға сенімді серіктес болу, баршаға қолжетімді, ашық цифрлық ортаны қалыптастыру», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс тәжірибесі халықаралық деңгейде қызығушылық тудырады. Моңғолия, Жапония, Өзбекстан және өзге де елдерден келген делегациялар Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен танысып, тәжірибе алмасқан болатын. Бұл қызығушылықтың негізінде соңғы он жылда қалыптасқан жаңа модель жатыр: бұрын әртүрлі мекемелерде көрсетілген қызметтер бүгінде бір инфрақұрылымға біріктіріліп, азаматтар үшін әлдеқайда ыңғайлы форматқа көшті. Қазір корпорация ХҚКО мен МХҚКО қызметтерін, жер кадастрын, әлеуметтік және зейнетақы бағыттарын, сондай-ақ АХАТ пен жылжымайтын мүлік салаларын қамтиды.

Бұл жүйеде бүгінде 16 мыңға жуық маман еңбек етіп, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етіп келеді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету тек цифрлар мен процестер ғана емес, ең алдымен азамат пен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдетіп, оны түсінікті әрі ыңғайлы еткен жүйеге айналды.

Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді — алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын үнемдегісі келетін немесе орталыққа өзі бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

Жеткізуді өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Ол үшін мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Құжат дайын болған соң курьер қызмет алушымен байланысып, сол күні жеткізіп береді. Құжатты алу кезінде жеке куәлік пен растау коды тексеріледі

Айта кету керек, курьерлік жеткізу 15 мемлекеттік қызметті қамтиды. Оның ішінде туу, неке, ажырасу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар мен білім туралы құжаттардың телнұсқалары, сондай-ақ апостиль қою және азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру бар.

Қызмет құны өңірге байланысты: Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жеткізу бағасы 2061 теңге болса, басқа өңірлерде — 1036 теңге.

Бұл ретте құжатты жеткізу процесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл құжаттың қай кезеңде екенін артық қоңырауларсыз білуге мүмкіндік береді.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл қызмет 2024 жылы іске қосылып, құжаттарды алу процесін жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге және ХҚКО-ға қайта бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.

Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді
2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.

Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.

Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.

Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді
2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.

«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке көмек көрсетеді.

Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.

ХҚКО-ға түрлі себептермен келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Бұл сомаға ұйымдастыру және логистикалық шығындар кіреді.

Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады. Алайда паспортты, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматта көрсетілмейді.

Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар және кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. Дегенмен оны кез келген өтініш беруші өз қалауымен пайдалана алады. Бұл формат қызмет алуды алдын ала жоспарлап, күту уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жеке менеджердің үйіне бару» бөлімін таңдау қажет. Одан кейін «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім жіберілген соң көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама жолданады. Бір жұмыс күні ішінде оператор өтініш берушімен байланысып, қызмет көрсету уақыты мен өзге де мәліметтерді нақтылайды.

Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім қалдыруға болады. Кеңес берілгеннен кейін өтініш берушіге жеке менеджерді үйге шақыру үшін арнайы сілтеме SMS арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және мемлекетпен өзара байланысты жеңілдететін қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады.

Қызылордалықтар енді ХҚКО-ға онлайн кезекке тапсырыс бере алады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы электрондық кезек талондарын алдын ала брондау бойынша пилоттық режим іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Сырдария және Қармақшы аудандарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде жұмысын бастайды.

Жаңа қызмет азаматтарға бөлімшеге келудін ынғайлы күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Онлайн кезегінің уақытын бекіткені туралы SMS-хабарлама жолданады.

Ал, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері, бұрынғыдай, алдын ала жазылусыз көрсетілетін болады.

Атап өту қажет, жекелеген жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған жағдайда егде жастағы азаматтарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арнайы қызмет көрсету аймағы жұмыс жасайды.

Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).

Пилоттық режим шеңберінде алдын ала брондау жүйесінің қажеттілігі мен тиімділігіне бағалау жүргізілетін болады. Талдау нәтижелері бойынша сервистің функционалын одан әрі енгізудің және ықтимал кеңейтудің орындылығы туралы шешім қабылданады.

Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?
ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді.

Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар азамат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Қазіргі таңда еліміздің 10 өңірінде жалпы саны 14 постамат жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Олардың қатарында туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар, сондай-ақ аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Семей, Тараз және Түркістан қалаларының тұрғындары постамат қызметін ең көп пайдаланған.

Айта кетейік, постамат арқылы құжат алу тәртібі қарапайым. ХҚКО-да өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алу тәсілін таңдап, оны автоматтандырылған пункт арқылы алуға келісім беруі қажет. Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін, оны үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы уақыт ішінде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.

2026 жылы постамат арқылы құжат беру қызметінің құны 518 теңгені құрайды.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, постамат қызметі азаматтарға дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін кеңейтеді. Бұл қызмет әсіресе жұмыс уақытында ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін тиімді.

Анықтама: постамат орнатылған ХҚКО мекенжайлары

• Қызылорда — Астана даңғылы, 46

«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың «әдемі» нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде «қалаулы» нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей «айна» нөмірлер де бар.

Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды. Жаңа цифрлық қызмет МХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.

Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады.

Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос емес болса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болып табылады және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталған.